Иранда жарылыс

Кирман қаласында заңсыз жанармайдың ағуы салдарынан болған жарылыстан 20 үй зақымдалды.

2019373
Иранда жарылыс

Иранның Кирман қаласында заңсыз жанармайдың ағуы салдарынан болған жарылыстан көптеген үй мен көлік зақымдалды.

Иранның ресми ақпарат агенттігі «IRNA»-ның хабарлауынша, Кирман қаласындағы Голдешт көшесінде контрабандалық жанармай тиеген көлікте ағып кету нәтижесінде үлкен жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан жақын маңдағы 20-дан астам тұрғын үй мен 5 көлікке зақым келді. Оқиғада қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жарылыстан кейін өрт сөндірушілердің шыққан өртті сөндіргені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар