Данияда тағы Құран кітапқа шабуыл жасалды

«Danske Patrioter» атты топ мүшелері Түркияның Даниядағы елшілігі алдында Құран кітапты өртеп жіберді.

2019047
Данияда тағы Құран кітапқа шабуыл жасалды

Бас қала Копенгагенде Исламға дұшпаны және радикал ұлтшыл «Danske Patrioter» (Дания патриоттары) атты топ мүшелері Түркияның Даниядағы елшілігі алдында Құран кітапты өртеп жіберді.

Исламды қорлайтын ұрандар айтқан топ мүшелері әлеуметтік желіде тікелей эфирде осы сәттерді бөлісті.

Кейін авторы Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лөкке Расмуссен екені айтылған бір кітапты да өртеген топ Ирак, Мысыр және Сауд Арабиясы елшіліктерінің алдында Құран кітапты өртеп жіберді.

Құран кітапқа жасалған шабуылдарды талқылау үшін дүйсенбі күні өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің 18-ші кезектен тыс отырысымен бір мезгілде Дания мен Швецияда да Құран кітапқа шабуыл жасалды.

Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лөкке Расмуссен ИЫҰ жиналысының шешімін назарға алғандарын білдірді.

Расмуссен «ИЫҰ және мүше елдермен өзара құрмет негізінде тығыз келіссөздерді жалғастырамыз. Дания жақында Құран кітаптың өртелуін айыптап, сөз бостандығы аясында ерекше жағдайларға араласу мүмкіндігін іздестіруде» деген еді.

Соңғы кездері Швеция мен Данияда Құранға қарсы шабуылдар күшейгенімен, бұл арандатушылықтарға жол берілуіне наразылықтар артуда.



Ұқсас жаңалықтар