Пәкістандағы шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындады

ДАИШ әлеуметтік желідегі аккаунтынан шабуылдың жауапкершілігін мойындағанын жариялады.

2018533
Пәкістандағы шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындады

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятында коалициялық үкіметтің серіктестерінің бірі Ислам ғұламалары партиясының (JUI-F) съезін нысанаға алған және 54 адамның қаза табуына себеп болған шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындады.

Террор ұйымы ДАИШ әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған хабарламасында шабуылдың жауапкершілігін мойындағанын жариялады.

Жексенбі күні Хайбер-Пахтунхва уәлаятына қарасты Бажаур аймағында «JUI-F» мүшелері ұйымдастырған съезге жанкешті шабуыл жасалған 54 адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар