Дания мен Швеция ИЫҰ қарарларын назарға алатындарын білдірді

Құранға жасалған шабуылдармен күрес аясында бір қатар шешімдер мен ұсыныстар қабылданды.

2018587
Дания мен Швеция ИЫҰ қарарларын назарға алатындарын білдірді

Швеция мен Дания Құранға жасалған шабуылдармен күрес үшін кеше өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) 18-ші Кезектен тыс сыртқы істер министрлері жиналысының шешімдері мен ұсыныстарын назарға алатындарын білдірді.

Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Билстрем мемлекеттік телеарна «SVT»-ге жасаған мәлімдемесінде «Шешімде бірқатар ұсыныстар бар. Біз осыларды мұқият зерттеп, ИЫҰ елдерімен маңызды келіссөздерімізді жалғастырамыз. Үкіметтің Швециядағы шерулерде жеке адамдар жасаған исламофобиялық әрекеттермен байланысы жоқ. Әділет министрлігі тәртіп заңы бойынша жаңа сараптамалық зерттеу жүргізеді» деді.

Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лөкке Расмуссен болса Твиттердегі жеке аккаунтынан жасаған хабарламасында ИЫҰ жиналысының шешімін ескергендерін атап, «ИЫҰ және мүше мемлекеттермен өзара құрмет негізінде жақын келіссөздерді жалғастырамыз. Дания жуырда Құран кітаптың өртелуін айыптап, сөз бостандығы аясында ерекше жағдайларға араласу мүмкіндігін зерттеу үстінде» делінді.

ИЫҰ отырысынан кейін жасалған мәлімдемеде Швеция мен Данияда қасиетті Құранға қайта-қайта жасалған шабуылдардың қатаң түрде айыпталғаны білдірілді.

ИЫҰ-ның «сөз бостандығы» деген атпен жасалған мұндай әрекеттердің қайталануының алдын алу үшін Еурокомиссияға делегация жіберуге шешім қабылдағаны хабарланды. ИЫҰ-на мүше елдер Құран өртенген елдермен қарым-қатынастарын қайта қарап, қажетті ұстанымға шақырылған еді.

Осы тұрғыда мүше мемлекеттерден Швеция мен Даниядағы елшілерін кеңесу үшін шақыртып, саяси қадамдар басуы талап етілген болатын.

ИЫҰ-ның онлайн отырысымен бір мезгілде Дания мен Швецияда да қасиетті Құран кітапқа шабуылдар жасалды.



Ұқсас жаңалықтар