Армияны «модернизациялауға» шақырды

Си Цзиньпин қазіргі қару-жарақтардың заманауи қарулармен толықтыру керектігін білдірді.

2018800
Армияны «модернизациялауға» шақырды

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин армияны «модернизациялауға» шақырды.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Си Қытай Халық азаттық армиясының  96 жылдық мерекесіне дейін Батыс майдан қолбасшылығында әуе күштерін аралады.

Си сапары барысында әуе қорғанысы әрекеттерінің жүйелі түрде орындалуының маңыздылығына назар аударып, армияны дайындап, әуе кеңістігінің қауіпсіздігін арттыру керектігін айтты. Жауынгерлік жасақтарға жаңа құрал-жабдықтар қосуды «жылдамдатуға» шақырған Си Цзиньпин қазіргі қару-жарақтардың заманауи қарулармен толықтыру керектігін білдірді.

Қытай Қорғаныс министрлігі армияның құрылғанына 96 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өткізді. Қорғаныс министрі Ли Шаңфу қабылдауда «Қытай коммунистік партиясын нығайтып, әскер дайындығын күшейтіп, жауынгерлік әзірлікті арттыру» туралы айтты.

Ли 2027 жылы халық армиясының ғасырлық мақсаттарына жету жолындағы жұмыстың маңыздылығына тоқталып, әскерилер «әлемдік деңгейдегі сапаға тез жетуі керек» деді.

Жыл сайын 1 тамызда Қытай Халық Армиясының құрылған күні тойланады.



Ұқсас жаңалықтар