Зеленский соғыстағы ахуалға баға берді

Ол соғыстың Ресей жеріне ығысқанын айтты.

2018040
Зеленский соғыстағы ахуалға баға берді

Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың жайымен Ресей террориториясына оралғанын, мұның бас тартылмас процесс екенін айтты.

Зеленский әлеуметтік желіден видео жариялады.  Ол Ресейдің Украинаға қарсы бастаған соғысының ахуалына баға берді. Ол «орыс шабуылдаушылығының соғыс майданында банкрот болғанын» алға тартты.

«Бүгін орыс әкімшілігі  бір немесе екі аптада бітуін жоспарлаған әскери операцияның 522-ші күні украина бара-бара нығайып отыр.  Соғыс жайымен Ресей жеріне, символикалық орталықтарына және әскери базаларына ығысуда. Бұл бас тартылмас процесс» деді ол.

Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Украинаның мәскеу облысындағы базаларға ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуылының алды алынғаны,  әуе аппараттарының орыс қорғаныс жүйесі арқылы жойылғанын білдірген еді.

Мәскеу қаласы мэрі де құлаған дрондардың Мәскеудегі кейбір мұнараларға тигенін, зиян келтіргенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар