Шығанақ елдері Пәкістандағы бомбалы шабуылды айыптады

Иран, Сауд Арабиясы, Катар және Кувейт Пәкістандағы бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптады.

2018056
Шығанақ елдері Пәкістандағы бомбалы шабуылды айыптады

Иран, Сауд Арабиясы, Катар және Кувейт Пәкістанда коалиция үкіметінің серіктестерінің бірі Ислам ғұламалары партиясының (JUI-F) съезін нысанаға алған және 42 адам қаза тапқан жанкешті шабуылды айыптады.

Иран президенті Ибрагим Реиси Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятында Ислам ғұламалары партиясының съезін нысанаға алған шабуылды айыптады. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке жолдаған жедел көңіл айту хатында «Иран халқының атынан сізге, дос және бауырлас Пәкістан халқына көңіл айтамын» деді.

Рейси бұл опасыз лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптағанын атап «Мұндай адамгершілікке жатпайтын және қылмыстық әрекеттерді жасағандар мен тапсырыс бергендерге ұяттан басқа ештеңе әкелмейді деп ойлаймыз» деді.

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян болса әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған лаңкестік әрекетті қатаң түрде айыптап, пәкістандық әріптесі Билавал Бхутто Зардариге, Пәкістан үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесі «Корольдік бұл опасыз шабуылды қатаң түрде айыптайды» делінді. Сауд Арабиясының қай жерде болса да зорлық-зомбылық пен лаңкестіктен бас тартуға шақыратыны баса айтылған мәлімдемеде Сауд Арабиясының Пәкістан халқымен толық ынтымақтастығына назар аударылып, қаза тапқандарға көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірілді.

Катар Сыртқы істер министрлігі де мәлімдемесінде Катардың себептеріне қарамастан лаңкестік пен зорлық-зомбылықты қабылдамағаны және бомбалы шабуылды қатаң түрде айыптағандары атап көрсетілді. Мәлімдемеде Пәкістан үкіметі мен халқына қаза тапқандар үшін көңіл айтылып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуіне тілек білдірілді.

Кувейт Сыртқы істер министрлігі де бомбалы шабуылды айыптады.

Мәлімдемеде Кувейттің «зорлық-зомбылықтың барлық түрін және оның жазықсыз адамдарға келтіретін зиянын нақты түрде жоққа шығаратыны, Пәкістанмен ынтымақтасатыны» атап көрсетілді.

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятында кеше коалициялық үкіметтің серіктестерінің бірі Ислам ғұламалары партиясының съезін нысанаға алған жанкешті шабуылда 40-тан астам адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған еді.



Ұқсас жаңалықтар