Мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзету енгізді

Бұл - Израиль түрмелеріндегі 4500-ден астам палестиналық тұтқынның өмір сүру жағдайын қиындатуға бағытталған саясатының бір бөлігі.

2018157
Мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзету енгізді

Израильдің әсіре оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир палестиналық «әкімшілік тұтқындарды босатудың шарттары туралы» заңға мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін жоятын түзету енгізді.

Бен-Гвир бұл шешімді Израиль түрмелеріндегі 4500-ден астам палестиналық тұтқынның өмір сүру жағдайын қиындатуға бағытталған саясатының бір бөлігі ретінде қабылдады.

Бұрын жыл сайын жүздеген палестиналық «әкімшілік тұтқын» түрмелерде орын болмағандықтан босатылатын еді. Енді бұл жойылды.

«Әкімшілік қамауға алу» тәжірибесі Израиль басып алған аумақтарда палестиналықтарды ешбір айыптау болмастан ұстауды білдіреді. Бұл палестиналықтардың өздеріне тағылған айыпты білместен, өзін қорғау құқығынсыз 6 айға дейін түрмеге жабылуы деген мағынаға келеді.

Осы мерзімнен кейін әскери сотқа жіберілетін, бірақ өзіне тағылған айыптардан хабарсыз палестиналықтардың қамау мерзімі қайта-қайта 5 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар