Дания арандатуларға қарсы қадам басады

Үкімет елдегі мәдени және діни негіздегі шабуылдарға қарсы шара қолдану жолдарын қарастырады.

2018024
Дания арандатуларға қарсы қадам басады

Дания Құран Кәрімге жасалған шабуылдарға қарсы қадам басады.

Дания үкіметі елдегі мәдени және діни шабуылдарға қарсы шара қолдану жолдарын қарастыратыны туралы мәлімдеме жариялады. Үкімет елдегі Құранға жасалған шабуылдардың Данияға да зиянын тигізгеніне назар аударды.

Құранды өртеу әрекеті үшін Данияны 15 елдің айыптағаны баса айтылды.

Сонымен бірге қылмыскерлердің Дания қоғамының өкілі еместігі және бұл әрекеттердің экстремистерге пайдасын тигізгені атап өтілді. Сондықтан үкімет елдегі мәдени және діни негіздегі шабуылдарға қарсы шара қолдану жолдарын қарастырады.


Этикеттер: #Құран , #шабуыл , #Дания

Ұқсас жаңалықтар