Дәрігерлер ереуілге шықты

Сондықтан медицина қызметінде үлкен олқылықтар туындады.

2018155
Дәрігерлер ереуілге шықты

Нигерияда айлықтың төленбеуі және нашар жұмыс шарттарына байланысты ереуілге шыққан дәрігерлер үкіметтің 25 пайыздық жалақы көтеуіне қарсы шықты.

Нигерия Дәрігерлер одағы (NARD) төрағасы Др. Оржи Емека Иннокент дәрігерлердің ереуілді жалғастыратынын айтып, «Біз үкіметтен жалақыны 200 пайыз көтеруін талап еткен болатынбыз. Соңғы кезде елдегі қымбатшылыққа қарамастан біздің жалақымызды тек 25 пайызға көтергісі келеді.  Мұны еш қабылдамаймыз» деді.

Нигерияда мемлекеттік ауруханада жұмыс істейтін дәрігерлер айлықтарының төленбеуі және нашар шарттар себебімен 26 шілде күні «мерзімсіз ереуіл» бастаған еді. Сондықтан медицина қызметінде үлкен олқылықтар туындады.

Нигерия Дәрігерлер одағының мәлімдеуінше жалақы және жұмыс шарттары себебімен апта сайын кем дегенде 50 дәрігер шетелге кетіп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар