Пәкістан мен Австралия әскери ынтымақтастық жасауда

Пәкістан мен Австралия екі елдің қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.

2017593
Пәкістан мен Австралия әскери ынтымақтастық жасауда

Пәкістан радиосының хабарына қарағанда Пәкістан Бас штаб төрағасы Шамшад Мирза ресми сапармен Австралияға барды. Мирза ел астанасы Канберрада Австралия Бас штаб төрағасы Ангус Кэмпбеллмен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық талқыланды.

Мирза мен Кэмпбелл екі елдің қарулы күштері арасындағы әскери ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.



Ұқсас жаңалықтар