Нигерде төңкерісті жақтаған халық шеруге шықты

Шерушілер «Франция кетсін!» және «Нигер армиясы жасасын!» деп ұран тастады.

2017232
Нигерде төңкерісті жақтаған халық шеруге шықты

Алдыңғы күні әскерлер билікті басып алған Нигерде төңкерісті жақтаушылар бас қала Ниамей мен Доссо қалаларында шеру өткізді.

Ниамейдегі Ұлттық Мәжіліс ғимараты маңына жиналған жүздеген адам «Франция кетсін!» және «Нигер армиясы жасасын!» деп ұран тастады.

Доссоға жиналған топ француз әскерлерінің дереу елден кетуін талап етті.

Екі шеруде де шерушілердің Ресей туын ұстауы назар аударды.

Екінші жағынан, Ниамейде жиналған демонстранттар Базумның «Нигер демократия және социализм партиясы (PNDS-TARAYA)» бас ғимаратын өртеп жіберді.

Тас және таяқтармен оқиға орнына келген шерушілер алдымен көліктерді тастар және таяқтармен сындырып, кейін ғимаратты өртеді.

Партия ғимаратына үлкен материалды шығын келгені білдірілді.

Екінші жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Нигердегі төңкеріс әрекеті кезінде ұсталған президент Мұхаммед Базумды дереу босатуға шақырды.

Гутерреш АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында Нигер президенті Базуммен телефон арқылы сөйлескенін атап, «Енді оны қамауда ұстағандарға үн қатамын. Президент Базумды дереу және сөзсіз босатып, елдің демократиялық билігіне кедергі жасаудан бас тартып, құқықтың үстемдігін құрметтеңіз» деді.

Гутерреш әңгіме барысында президент Базумның өзіне жағдайының жақсы екенін, бірақ елдегі жағдайдың өте ауыр болғанын айтқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар