Дамаскіде жарылыс болып 6 адам қаза тапты

Мотоциклге тиелген бомбаның жарылуы салдарынан 23 адам жараланды.

2017184
Дамаскіде жарылыс болып 6 адам қаза тапты

Сирияның бас қаласы Дамаскіде бомба тиелген мотоциклдің жарылуы салдарынан 6 адам қаза тауып, 23 адам жараланды.

«SANA» ақпарат агенттігінің Ішкі істер министрлігіне негіздеген хабарына қарағанда кеше кешкісін Дамасктің Сайид Зайнаб аймағында бомба тиелген мотоцикл жарылды.

Жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды.

Хабарда оқиға орнына полиция мен өрт сөндіру топтары мен жедел жәрдем көліктерінің жіберілгені білдірілді.

Жарылыстың жауапкершілігін әзірге ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар