Нигерде әскерлер билікті басып алғанын жариялады

Экономикалық дағдарысқа байланысты Нигер президенті Мұхамед Базумның биліктен тайдырылғаны және конституцияның тоқтатылғаны хабарланды.

2016588
Нигерде әскерлер билікті басып алғанын жариялады

Өздерін «Отанды қорғау ұлттық кеңесі» деп атаған бір топ сарбаз мемлекеттік «ORTN» телеарнасынан таратқан видеодан төңкеріс туралы мәлімдемені оқыды.

Подполковник Амаду Абдрамане оқыған мәлімдемеде қауіпсіздік жағдайының нашарлауы және елдің бастан кешіп жатқан әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа байланысты Нигер президенті Мұхамед Базумның биліктен тайдырылғаны және конституцияның тоқтатылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде сағат 22:00 мен 05:00 арасында коменданттық сағат енгізілетіні және барлық шекаралардың жабылғаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар