Филиппиннің Ризал аймағында 30 адам қаза тапты

Филиппиннің Ризал аймағындағы Лагуна-де-Бэй көлінде жолаушылар қайығы аударылып, 30 адам қаза тапты.

2016962
Филиппиннің Ризал аймағында 30 адам қаза тапты

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Филиппиннің Ризал аймағында жергілікті уақытпен сағат 13:00 шамасында көлде қайықтың аударылуы салдарынан 30 адам қаза тапты және 40 адам құтқарылды.

Қатты желден шайқалған қайықтың порт жағына үйілген жолаушылардың үрейі салдарынан аударылғаны айтылады.

Елдің солтүстік аймақтарында ықпалды болған «Доксури» тайфуны салдарынан Филиппиннің көптеген порттарында саяхатқа тыйым салынды.

Жағалау күзеті шамамен 3800 жолаушының порттарда қалып қойғанын атап өтті.

«Доксури» тайфуны салдарынан елде 6 адамның қаза тапқаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар