Түрік ұшқышсыз көліктері АҚШ баспасөзінде

"Al Monitor" сайты 'Түркияның ұшқышсыз ұшақтары Украинадан Ливияға дейінгі елдерде неліктен соншалықты танымал?' деген сұраққа жауап іздеді.

2015842
Түрік ұшқышсыз көліктері АҚШ баспасөзінде

Түрік қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттарының табысы әлемдік баспасөзде жалғасты орын алуда.

Көптеген елдерге экспортталған Түрік қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттары соғыс пен бейбітшілікке қызмет етуде.

Түркияның ең үлкен қорғаныс және авиация экспортының негізгі тармағы саналатын ұшқышсыз әуе көліктері Сауд Арабиясының әскери қатарына қосылды.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) "Al Monitor" интернет жаңалықтар сайтында тамаша талдау жасалды.

Жаңалықтар сайты 'Түркияның ұшқышсыз ұшақтары Украинадан Ливияға дейінгі елдерде неліктен соншалықты танымал?' деген сұраққа жауап іздеді.

Түрік қарулы және қарусыз ұшқышсыз әуе аппараттарының Украина, Қарабах, Ливия, Сирия, Ирак, Эфиопия және Сомали сияқты қақтығыс аймақтарында қолданылып жатқаны еске салынды.

Түрік ұшқышсыз әуе аппараттарының соғыс пен қақтығыстарда табыстарын дәлелдегенін атап көрсеткен хабарда Сауд Арабиясына сатылғаннан кейін Парсы шығанағы аймағында бұл жүйелерге сұраныстың арта түсетіні атап өтілді.

Хабарда АҚШ пен басқа да батыс елдері өндірген ұшқышсыз әуе аппараттарына қарағанда үнемділігі жоғары түрік ұшқышсыз әуе көліктерінің Қытай немесе Иранда шығарылған басқа да батыстық емес жүйелерден де жоғары екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар