С. Корея тағы зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея Бас Штаб басқармасы Солтүстік Кореяның Жапон теңізі бағытында қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыранды ұшырғанын білдірді.

2015854
С. Корея тағы зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея мен Жапонияның Бас Штаб басқармасы Солтүстік Кореяның екі баллистикалық зымыран ұшырғанын хабарлады.

Оңтүстік Корея Бас Штаб басқармасы жариялаған мәлімдемеде Солтүстік Кореяның Жапон теңізі бағытында қысқа қашықтықтағы екі баллистикалық зымыранды ұшырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде ұшыру сынақтарының жергілікті уақыт бойынша 24 шілде күні сағат 23.55 пен 24.00 арасында жүзеге асырылғаны және екі зымыранның да теңізге құламай шамамен 400 километр ұшқаны білдірілді.

Жапонияның Қорғаныс министрлігі де Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшырғанын растап, зымырандардың 25 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00:11-ден бұрын құлағанын жариялады.

Солтүстік Корея бұл әрекетті АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға "USS Annapolis" ядролық сүңгуір кемесін жіберуіне жауап ретінде қабылдағаны межеленуде.

42 жылдан кейін АҚШ Огайо класындағы "USS Kentucky" ядролық сүңгуір кемесін Оңтүстік Корея суларына жіберді, бұл аймақтағы шиеленісті күшейтті.

"USS Kentucky" 18 шілдеде Пусан айлағына келіп тоқтады және 3 күндік сапардан кейін 21 шілдеде Оңтүстік Корея суларынан шығып кетті.

Солтүстік Корея 18 шілдеде Жапон теңізі (Шығыс теңізі) бағытында қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынады.

Оңтүстік Кореяның Бас Штап басқармасы 22 шілдеде Солтүстік Кореяның Сары теңізге бірнеше қанатты зымыран ұшырғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар