Ресей дос емес елдерден балық импортын шектеді

Ресей Экономикалық даму министрлігі жасаған мәлімдемеде батыс елдерінің санкцияларына қосымша қарсы шаралардың жалғасып жатқаны атап өтілді.

2015998
Ресей дос емес елдерден балық импортын шектеді

Ресей дос емес елдерден дайын балық пен теңіз өнімдерін импорт етуге тыйым салды.

Ресей Экономикалық даму министрлігі жасаған мәлімдемеде батыс елдерінің санкцияларына қосымша қарсы шаралардың жалғасып жатқаны атап өтілді.

Осы аяда дос емес елдерден дайын балық пен теңіз өнімдерін импорт етуге тыйым салынғаны білдірілген мәлімдемеде аталған елдерден шарап импортына салынатын кедендік бажы салығын 12,5 пайыздан 20 пайызға көтеруге шешім қабылданғаны хабарланды.

Мәлімдемеде Еуропалық Одақ, АҚШ және Норвегиядан аталған өнімдердің импортын тоқтату барысында отандық өндірушілердің нарықтағы олқылықты толтыратыны баса көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар