21 ирандыққа кешірім жарияланды

Бостандыққа шыққан Иран азаматтары елдеріне оралады.

2016235
21 ирандыққа кешірім жарияланды

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) түрмеде отырған 21 ирандыққа кешірім жарияланды.

 Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянның сапары кезінде БАӘ мемлекет басшысы Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіскен. Мемлекет басшысының рұқсатымен осы елде түрмеде отырған 21 Иран азаматы тұтқыннан босатылды.

Бостандыққа шыққан ирандық азаматтар елдеріне оралады.

Олардың қандай қылмыстар үшін сотталғаны және БАӘ-де қанша уақыт ұсталғаны туралы ақпарат берілмеді.

Иран Сыртқы істер министрі Абдуллахиян 22 маусымда БАӘ-ге барып, мемлекет басшысы  Әл Нахаянмен кездескен болатын.

13 шілдеде де БАӘ түрмесінде отырған 15 ирандық бостандыққа шығып, елдеріне қайтарылған еді.



Ұқсас жаңалықтар