Қытайдың Сыртқы істер министрі мен Орталық банк төрағасы ауысты

Қытайда Сыртқы істер министрі Цинь Ган қызметінен босатылып, Қытай Коммунистік партиясы Сыртқы байланыстар комиссиясының директоры Ван И тағайындалды.

2015920
Қытайдың Сыртқы істер министрі мен Орталық банк төрағасы ауысты

Қытайда біраз уақыттан бері ел алдына шықпағандықтан жағдайы алаң туғызған Сыртқы істер министрі Цинь Ган қызметінен босатылып, оның орнына Қытай Коммунистік партиясы Сыртқы байланыстар комиссиясының директоры Ван И тағайындалды.

Ел астанасы Бейжіңде өткен 14-ші кезекті Халық құрылтайы Тұрақты комитетінің 4-ші отырысында қабылданған шешіммен Қытайдың Сыртқы істер министрі мен Орталық банк төрағасы ауысты.

Комитет біраз уақыттан бері ел алдына шықпаған Сыртқы істер министрі Цинь Ганды қызметінен босатып, оның орнына Ван Иді тағайындады.

Орталық банк төрағасы И Ган да қызметінен босатылып, оның орнына Пан Гонгшин тағайындалды.

Қытайдың дипломатиялық байланыстары күшейген тұста қызметінен босатылған Сыртқы істер министрі Цинь Ганның 25 маусымнан бері жұртшылық алдына шықпағаны назар аударарлық жағдай болды.

2022 жылдың желтоқсанында Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Цинь Ган 25 маусымда Бейжіңде Шри-Ланка, Ресей және Вьетнам басшыларымен кездесуден кейін өткізген баспасөз мәслихатынан бері жұртшылық алдына шықпады.

11-14 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада өткен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесуіне Цинь Ганның орнына Қытай Коммунистік партиясы Орталық сыртқы байланыстар комиссиясы кеңсесінің директоры Ван И қатысты.

Чин Гангтың денсаулығына байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының  отырысына қатыса алмайтыны айтылды.

Министр сондай-ақ 6-9 шілдеде АҚШ Қаржы министрі Джанет Йелленмен болған кездесулерге, сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Соломон аралдарының премьер-министрі Манассе Согаваренің 10 шілдедегі кездесуіне қатысқан жоқ.



Ұқсас жаңалықтар