Француз тілі енді ресми тіл ретінде қолданылмайды

Мали 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан бері француз тілін ресми тіл ретінде қолданып келген еді.

2015725
Француз тілі енді  ресми тіл ретінде қолданылмайды

Француз тілі енді Малиде ресми тіл ретінде қолданылмайды.

1960 жылдан бері елде ресми тіл ретінде қолданылып келе жатқан француз тілі жаңа конституциямен жұмыс тіліне айналды.

Малиде 18 маусым күні өткен референдумда 96,91 пайыз «қабыл» даусымен қабылданған және конституциялық сотта да бекітілген жаңа конституцияға сәйкес француз тілі ресми тіл болудан қалды.

Жаңа конституция мәтініне сәйкес, бұдан былай француз тілі жұмыс тілі ретінде қолданылады. Елде азаматтар сөйлейтін 13 ұлттық тіл де ресми тіл мәртебесін алды.

Бұрын француз отары болған Мали 1960 жылы тәуелсіздік алғаннан бері француз тілін ресми тіл ретінде қолданып келген еді.

70-ке жуық жергілікті тіл қолданылған елде 1982 жылы қабылданған қаулымен 13 тіл ұлттық тіл мәртебесін алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар