АҚШ О.Кореяға ядролық кеме жолдады

АҚШ-тың ядролық қуатқа ие "USS Annapolis" кемесінің Чеджу аралдарына әртүрлі материалдарды тиеу үшін келгені хабарланды.

2015384
АҚШ О.Кореяға ядролық кеме жолдады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) осы айда екінші рет жіберген "USS Annapolis" ядролық сүңгуір кемесі Оңтүстік Кореяға жетті.

Оңтүстік Корея Әскери-теңіз күштерінің баспасөз хатшысы Джанг До Янг ​​жазбаша мәлімдемесінде кәдімгі қарулары да бар ядролық қуатқа ие "USS Annapolis" кемесінің Чеджу аралдарына әртүрлі материалдарды тиеу үшін келгенін айтты.

Джанг АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жасақтарының сүңгуір кеме үшін оқу-жаттығуды ұйымдастыру керектігі туралы талқылауларды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

42 жылдан кейін АҚШ Огайо дәрежесіндегі "USS Kentucky" ядролық сүңгуір кемесін Оңтүстік Корея суларына жолдауы бұл аймақтағы шиеленісті күшейте түсті.

"USS Kentucky" 18 шілдеде Пусан айлағына тоқтаған және 3 күндік сапардан кейін 21 шілдеде Оңтүстік Корея суларынан шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар