Ресей: "Украина Белгородқа кассеталық оқ-дәрімен шабуыл жасады"

Ресейдің Белгород облысы губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеме жасады.

2014778
Ресей: "Украина Белгородқа кассеталық оқ-дәрімен шабуыл жасады"

Ресейдің Белгород облысы губернаторы Вячеслав Гладков Украина армиясының аймаққа кассеталық оқ-дәрімен шабуыл жасағанын хабарлады.

Гладков жазбаша мәлімдемесінде Украинаның кеше Белгород аймағына бағыттап әртүрлі шабуылдар жасағанын атап көрсетті.

Украинаның шабуылдарында кассеталық оқ-дәрілер қолданғанын айтқан Гладков «Украина армиясы 21 шілде күні аймағымыздағы Журавлиевка ауылына бірнеше зымыран тасығыш жүйесімен 21 зымыран және 3 кассеталық бомбамен шабуыл жасады» делінді.

Белгородтағы басқа ауылдарға да әртүрлі шабуылдар жасалғанын атап көрсеткен Гладков шабуылдарда қаза тапқан және зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар