Нигердегі лаңкестік шабуылда 12 адам қаза тапты

Нигердің Малимен шекарасындағы Анзуру аумағында жұмыс істеп жатқан егіншілерге шабуыл жасалды.

2014875
Нигердегі лаңкестік шабуылда 12 адам қаза тапты

Нигердің Малимен шекарасында болған лаңкестік шабуылда 12 адам қаза тапты.

Жергілікті биліктен алынған ақпаратқа қарағанда, белгісіз қарулы адамдар Тиллабери ауданына қарасты Анзуру аумағындағы егіншілерге шабуыл жасады.

Оқиғада егістікте жұмыс істейтін 12 адам қаза тапты.

Тиллабери «3 елдің шекарасы» деп аталатын Нигер, Мали және Буркина-Фасо ортақ шекара желісінде орын алады.

Бұл шекара желісіне «Әл-Каида» мен «ДАИШ»-пен байланысы бар лаңкестік топтар жиі шабуыл жасайды.

Аймақтағы террорға қарсы күрес операцияларына 12 мыңға жуық нигериялық сарбаз қатысуда. Олардың жартысына жуығы Мали мен Буркина-Фасо арасындағы 1400 шақырымдық шекарада орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар