Дания Копангагенде кеше Құран кітаптың өртелуін айыптады

«Danske Patrioter» атты маргиналды топ мүшелері кеше Копенгагенде Құран кітапты өртеді.

2014836
Дания Копангагенде кеше Құран кітаптың өртелуін айыптады

Дания Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Дания үкіметі Құран кітаптың өртелуін айыптайды. Қасиетті кітаптар мен діни рәміздерді өртеу өзгенің дінін құрметтемейтін ұят әрекет» делінді.

Құран кітаптың өртелуінің көптеген адамды ренжіткен, әртүрлі дін мен мәдениеттер арасында кемсітушілік тудырған арандатушылық әрекет екені аталған мәлімдемеде «Данияда дін бостандығы бар және көптеген Дания азаматы мұсылман. Олар Дания халқының құндылығы болып табылады» делінді.

Мәлімдемеде Данияның сөз және жиналу бостандығына құрметпен қарау керектігі баса айтылып, наразылық білдіру құқығына қолдау берілгені, бірақ оның бейбіт түрде қалуы керектігі атап көрсетілді.

Даниядағы ислам дұшпаны және радикал ұлтшыл «Danske Patrioter» (Даниялық отан сүйгіштер) атты маргиналды топ мүшелері кеше Копенгагендегі Ирактың Дания елшілігі алдында Құран кітапты өртеген болатын.

Исламға қарсы баннер ашып, Исламды қорлайтын ұрандар тастаған топ мүшелері Ирак туы мен Құран кітапты жерге лақтырып, аяқ астында таптаған еді.

«Danske Patrioter» деген маргиналды топ бұдан бұрын Түркияның Даниядағы елшілігі алдында түрік туы мен Құранға шабуыл жасап, ислам дінін қорлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар