Украинаға тұрақты түрде қолдау беру керек

Жозеп Боррель Украинаға тұрақты түрде қолдау берудің маңыздылығына назар аударды.

2014396
Украинаға тұрақты түрде қолдау беру керек

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель Ресеймен соғысып жатқан Украинаға әскери қолдау аясында 4 жыл бойына 20 миллиард еуро беруді жоспарлағандарын білдірді.

Бельгияның астанасы Брюссельде өткен Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысының соңында мәлімдеме жасаған Боррель Украинаға тұрақты түрде қолдау берудің маңыздылығына назар аударды.

Боррель Украинаға әскери қолдау үшін пайдаланылатын Еуропалық Бейбітшілік қорында осы елдің қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы бір бөлігін бөлу арқылы алдағы 4 жыл үшін жылына 5 миллиард еуро берілуі жайлы  ұсыныс дайындағанын хабарлады.

Боррель бұл мәселенің шешілмегенін және бұл мәселенің тамыз айының соңында Испанияның Толедо қаласында өтетін Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінде қайта талқыланатынын мәлімдеді.

Ресейдің Қаратеңіз астық дәлізі келісімінен шығып, азық-түлік бағасының көтерілуіне себеп болғанын және әлемнің азық-түлік қауіпсіздігі қаупімен бетпе-бет келгенін білдірген Боррель «(Ресей президенті) Путин аштықты қару ретінде пайдалануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар