Ұлыбританияда дәрігерлер ереуілде
Маман дәрігерлер 48 сағат жұмыс тоқтату акциясын бастады.
Ұлыбританияда маман дәрігерлер 50 жылда алғаш рет ереуілге шығып, 48 сағат жұмыс тоқтату акциясын бастады.
Айлықты көбейту мен еңбек жағдайына байланысты үкіметпен келіспей отырған дәрігерлердің екі күндік ереуіліне орай елде дәрігер қабылдаулары кейінге шегерілді.
Дәрігерлерге өкілдік еткен «Британ медициналық қауымдастығы» (BMA) кәсіподағы үкіметтің жалақыны 6 пайызға көтеру туралы ұсынысын дәрігерлерді «қорлау» деп атады.
Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (NHS) болса 50 жылдан кейін дәрігерлер қатысқан алғашқы «жұмыс тоқтату” акциясы - осы жылдың «әсері ең қатты сезілетін» ереуілі деген баға берді.
Денсаулық сақтау министрі Стив Барклай болса жалақыны 6 пайызға көтерудің орынды екенін алға тартып, дауды тоқтатуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Тағы 8 палестиналық қаза тапты
Израиль армиясы Дженин қаласы мен Дженин босқындар лагеріне шабуыл жасады.
Ресей ядролық қаруды қолдану оқу-жаттығуын бастады
Ресей Қорғаныс министрлігі тақырыппен баланысты мәлімдеме жасады.