Ресейге қарсы санкциялардың мерзімі созылды

ЕО санкцияларының ауқымы 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін кеңейтілген болатын.

2014024
Ресейге қарсы санкциялардың мерзімі созылды

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге қарсы экономикалық санкциялар мерзімін 6 айға созғанын жариялады.

Еуропалық кеңес мәлімдемесінде Ресейдің Украинаны тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттеріне байланысты 2014 жылы басталған санкциялардың 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін созылғаны хабарланды.

ЕО санкцияларының ауқымы 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін кеңейтілген болатын.

Ресейге қарсы санкциялар сауда, қаржы, өнеркәсіп, технология, көлік, люкс тауарларға қатысты жалғасуда.

Ресейден ЕО елдеріне шикі мұнай мен кейбір мұнай өнімдерін импорттауға тыйым, кейбір ресейлік банктерді SWIFT халықаралық төлем жүйесінен шығару, көптеген хабар тарату ұйымдарының қызметін тоқтату да санкциялар қатарында.

ЕО-ның Ресейге қарсы экономикалық санкцияларының мерзімі 6 ай сайын созылып тұрады.



Ұқсас жаңалықтар