Путин: "Бұрын келіскен шарттар орындалса, біз дереу осы келісімге ораламыз"

Ресей басшысы «Қаратеңіз астық дәлізі келісімі» туралы көзқарастарын бөлісті.

2013718
Путин: "Бұрын келіскен шарттар орындалса, біз дереу осы келісімге ораламыз"

Ресей президенті Владимир Путин уәделердің барлығы орындалған жағдайда, «Қаратеңіз астық дәлізі келісіміне» дереу қайта оралатындарын мәлімдеді.

Путин Мәскеуде үкімет мүшелерімен өткізген кездесуде «Қаратеңіз астық дәлізі келісімі» туралы көзқарастарын бөлісті.

Батыстық елдердің «тәкаппар» көзқарасына қарамастан Ресейдің келісімді бірнеше рет ұзартқанын білдірген Путин «Шетелдік әріптестеріміздің келісілген және бекітілген шарттарды толығымен орындауын күттік, бірақ олай болмады» деді.

Келісімнің тоқтауына батыстың жауапты екенін айтқан Путин Ресейдің кедей елдерге тегін тыңайтқыш жіберу талпынысына да батыстық елдердің тосқауыл қойғанын атап «Келісім қазіргі күйінде мағынасын жоғалтты» деді.

Путин келісімнің жалғастырылуы үшін Ресейдің әртүрлі шарттары бар екеніне назар аударып, азық-түлік және тыңайтқыш жеткізу қызметі көрсететін ресейлік банктер мен қаржы мекемелері, сондай-ақ орыс астық өнімдерін халықаралық нарықтарға тасымалдауға қоса Ресейге ауыл шаруашылығы құралдары мен жабдықтарын жеткізуде тосқауылдарды алып тастау керектігін тілге тиек етті.

Ресейлік кемелерді сақтандыру мәселесін де шешу керектігін жеткізген Владимир Путин «Ақырын Ресейдің келісімге оралуының негізгі шарты – келісімнің гуманитарлық мәнін қалпына келтіру. Егер бұрын келіскен осы шарттар орындалса, біз дереу осы келісімге ораламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар