Қалпына келтіру үшін кемінде 205 миллион доллар қажет

Газа секторы жыл сайын бірнеше шабуылға ұшырайды, бұл да қайта салу саласындағы шығынның артуына себеп болады.

2013465
Қалпына келтіру үшін кемінде 205 миллион доллар қажет

Израиль шабуылдарына ұшыраған Газа секторын қалпына келтіру үшін кемінде 205 миллион доллар қажет.

Палестина Қоғамдық жұмыстар және қоныстандыру министрлігі хатшысының орынбасары Джавад әл-Аға Газадағы үкіметтік ақпарат кеңсесінде баспасөз мәслихатын өткізді. Ол аймақтың 2008 жылдан бері блокаданың күшеюімен қатар кейбір шабуылдар мен соғыстарға куә болғанын айтты. Бұл шабуылдар гуманитарлық жағдайдың нашарлауына, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне әкеліп соқты.

Аймақта толығымен бұзылып, қайта салынбаған 2000-ға жуық ғимарат бар.  Лауазым иесінің айтуына қарағанда бұзылған үйлерді қалпына келтіру үшін шамамен 99 миллион доллар қажет.

Ол  жартылай бұзылған үй санының шамамен 90 мың екенін және оларды жөндеуге 106 миллион доллар қажет екенін айтты.

Газа секторы жыл сайын бірнеше шабуылға ұшырайды, бұл да қайта салу саласындағы шығынның артуына себеп болады.  

Израиль 2008 жылдан бері Газа секторына көптеген шабуылдар жасады. Бұл шабуылдар мыңдаған үйдің қирауына және зақымдануына себеп болды.



Ұқсас жаңалықтар