Ұлыбританияда жаңа заң

Босқындар 28 күн ішінде кері қайтарылады.

2012985
Ұлыбританияда жаңа заң

Ұлыбритания үкіметінің Манш теңізі арқылы қайықпен немесе үрлемелі қайықтармен елге келетін заңсыз босқындардың алдын алу мақсатында жаңа заңы парламентте қабылданды.

Осы заңға сәйкес, заңсыз босқындар 28 күн ішінде өз елдеріне немесе Руанда секілді сенімді деп қабылданған үшінші елдерге жіберіледі. Заңсыз босқындар баспана сұрау өтініштерін және заңды құқық істерін елден шығарылғаннан кейін береді. Аталмыш заң жобасы король бекіткеннен кейін заңға айналады.

Осы заңды кейбір депутаттар, адвокаттар мен адам құқықтары ұйымдары «адамдыққа жатпайды» деп сынға алуда.

Ағылшын үкіметі Руандамен заң жобасы шеңберінде бір келісімге барған еді.



Ұқсас жаңалықтар