Қырым көпірі жабылды

Қараша айында көпірдегі жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.

2012307
Қырым көпірі жабылды

Қырым көпірі «төтенше жағдайға» байланысты көлік қозғалысына жабылды.

Ресей заңсыз аннексиялаған Қырымның губернаторы Сергей Аксенов жазбаша мәлімдеме жасап, көпірде төтенше жағдай болғанын білдірді.

Төтенше жағдайға байланысты көпірдің көлік қозғалысына жабылғанын айтқан Аксенов «Тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр» деді.

«РБК» Украина жаңалықтар сайты да Украина қауіпсіздік қызметіндегі (SBU) дереккөздерге сүйене отырып, Қырым көпірі құрылымының ақаулары туралы хабар жариялады. Хабарда Қырым көпіріне шабуыл жасалғаны, оқиғаны SBU және Украина теңіз күштері жоспарлағаны және жерүсті ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен атқарылғаны атап көрсетілді.

Қараша айында көпірдегі жарылыс салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар