Ресей 62 украиндық жауынгердің мәйітін тапсырды

Украинаның уақытша басып алынған жерлерін қайта интеграциялау министрлігі мәлімдеме жасады.

2011654
Ресей 62 украиндық жауынгердің мәйітін тапсырды

Ресей тарапынан уақытша аннексияланған аумақта қаза тапқан 62 әскердің мәйіті Украинаға қайтарылды.

Украинаның уақытша басып алынған жерлерін қайта интеграциялау министрлігі Ресейдің бақылауындағы Украина аумағында қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерінің өздеріне қайтарылғанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде 62 украиндық сарбаздың мәйітінің жеткізілгені аталып, «Олардың төртеуі жарақат алу, не болмаса ауырып, медициналық көмек көрсетілмегені себепті қамауда қаза тапқан» делінді.

Мәлімдемеде жерлеу рәсімінің Женева конвенциясына сәйкес өткізілгені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар