Пәкістандағы Муссон жаңбыры салдарынан 91 адам қаза тапты

Пәкістанның Ұлттық төтенше жағдайлар басқару агенттігі 151 адамның да зардап шеккенін жариялады.

2011289
Пәкістандағы Муссон жаңбыры салдарынан 91 адам қаза тапты

Пәкістанда 25 маусым мен 12 шілде күндері аралығында Муссон жаңбыры салдарынан қаза тапқандар саны 91-ге жетті.

Пәкістанның Ұлттық төтенше жағдайлар басқару агенттігі Муссон жаңбыры салдарынан зардап шеккендер санының 151-ге жеткенін хабарлады.

Мәлімдемеде аталған күндерде толассыз жауған жаңбыр салдарынан 99 үйге зиян келгені атап көрсетілді.

«Dawn» газетінің хабарына қарағанда Пенджаб уәлаятының Касур аймағында Сутлеж өзенінің арнасынан асып, 15 ауыл су тасқынынан зардап шекті.

Су тасқыны болған ауылдардағы 11 мың адамның қауіпсіз аймақтарға эвакуацияланғаны білдірілді.

Қазірге дейін адам шығыны тіркелмеген су тасқыны салдарынан 4 ауылда электр қуатының үзілгені білдірілді.

Екінші жағынан Пенджабтың Джанг ауданындағы 40 ауыл Ченаб өзенінің тасып кетуінен зардап шекті.

Тұрғындарға аймақта сел апаты қаупі ықтималы себепті ескерту жасалды.

Жыл сайын маусым-қыркүйек айларындағы Муссон жаңбыры Пәкістанға үлкен шығын келтіреді.

Өткен жылы Пәкістанда Муссон жаңбыры салдарынан болған су тасқынынан 1 739 адам қаза тапқан болатын. Су тасқындарының болса елге келтірген шығыны 30 миллиард доллардан асты деп жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар