“Үшінші дүниежүзілік соғыс жақындап қалды”

Медведев Украинаның НАТО-ға ешқашан қабылданбайтынын айтты.

2010105
“Үшінші дүниежүзілік соғыс жақындап қалды”

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев НАТО саммитінде Украинаға қару-жарақ көмегін ұлғайту шешіміне наразылық білдірді.

“Үшінші дүниежүзілік соғыс жақындап қалды” деді ол.

Медведев жазбаша мәлімдемесінде Литваның астанасы Вильнюсте өткен НАТО Лидерлер Саммитіне баға берді. Медведев Украинаның НАТО-ға ешқашан қабылданбайтынын айтты.

«Альянстағылардың дауыстап айтуға қорқатыны осы. Сонымен қатар Киев режиміне қару-жарақ, зымыран, бомба мен ұшақ бері жан-жақты түрде артады» деді ол.

Медведев батыстың «жынданғанын» баса айтты. Ол  «Батыс - ақылсыз, басқа ештеңе ойлай алмады. Үшінші дүниежүзілік соғыс жақындап қалды» деген сөз тіркестерін қолданды.

Саммит қорытындыларының Ресей үшін де мәні айқын екенін атап көрсеткен Медведев «Арнайы әскери операция өз мақсаттары шеңберінде жалғасады. Соның бірі – біз әуел бастан талап еткен Киевтік нацистік топтың НАТО-ға мүшелігінен бас тартуы, бұл мүмкін емес. Сондықтан бұл топты жоюға тура келеді, бұл мүмкін және қажет» деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, НАТО мәлімдемесінде айтылған “альянстың Ресеймен қақтығысқа ұмтылмайтынын»  еске салды. «Әрине НАТО Ресеймен қақтығысқа ұмтылмайды. НАТО тек оған қосылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар