Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын мәлімдеді

Столтенберг  “...шарттар орындалған кезде Украинаға НАТО-ға кіруге шақыру жіберетінімізді анық білдірдік», - деді.

2010130
Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын мәлімдеді

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресеймен соғысы жалғасып жатқан Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын мәлімдеді.

Столтенберг кеше Литваның астанасы Вильнюсте басталған НАТО саммитінің бірінші күнінен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Украинаға маңызды әскери қолдау пакетінде келісімге келінгенін және саяси қарым-қатынастарды арттыру үшін НАТО-Украина кеңесінің құрылғанын айтқан Столтенберг басшылардың Украинаның НАТО мүшесі болатынын растағанын білдірді.

Бас хатшы Столтенберг Украинаға қатысты кейбір саяси және әскери критерияларды қамтитын «Мүшелік әрекет жоспарының» алынып тасталғанын және бұл мүшелік үдерісін екі кезеңнен бір кезеңге қысқартқанын айтты.

Столтенберг  “Біз одақтастар келісімге келіп, шарттар орындалған кезде Украинаға НАТО-ға кіруге шақыру жіберетінімізді анық білдірдік», - деді.

 

Столтенберг «Украинаның орындауы керек, бірақ олқы қалған қандай мәселелер бар?» деген сұраққа "Екі тақырып бар. Біріншісі, олар өздерінің қорғаныс және қауіпсіздік институттарын қаншалықты модернизациялай алады, басқаруды, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен күресті қалай нығайтады? Бұл -НАТО-ның әрбір мүше қабылдауында қарастырылатын мәселелер.

Біз сондай-ақ НАТО-мен бірге жұмыс істей алатын қарулы күштерді қалаймыз. Біз қорғаныс және қауіпсіздік институттарын жаңғырту жұмыстарын жүргізудеміз.

Тағы бір тақырып – Украинада жүріп жатқан соғыс. Украин жауынгерлері бүкіл әлемді таң қалдырған ерлік көрсетті. Бірақ барлық одақтастар соғыс жалғасып жатқанда Украинаны толыққанды мүше бола алмайтынына келіседі» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар