Украинаға кассеталық оқ-дәрі қолдану ескертуі

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеме жасады.

2010226
Украинаға кассеталық оқ-дәрі қолдану ескертуі

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің қолында одан әсерлі Кассеталық оқ-дәрілер бар екенін айтып, «Егер АҚШ Украинаға кассеталық оқ-дәрілер жіберетін болса, Ресей Қарулы Күштері жауап ретінде Украина Қарулы күштеріне қарсы дәл осындай қаруды қолдануға мәжбүр болады» деді.

Шойгу орыс БАҚ-қа берген мәлімдемесінде Украина армиясының қарсы шабуыл нысанасына ешбір бағытта жете алмағанын алға тартып, «4 маусым күнінен бері жау 26 мыңнан астам сарбазы және 3 мыңнан астам әртүрлі қаруынан айырылды» деді.

Ресей армиясының Украина тиесілі 21 ұшақ, 5 тікұшақ, 1 244 танк пен бронетранспортер, Германияда жасалған 17 «Леопард» танкі, Францияда жасалған 5 доңғалақты танк пен АҚШ-та жасалған 12 жауынгерлік броньды көліктің жойылғанын атап көрсеткен Шойгу осыларға қоса 914 арнайы әскери техника, 2 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 25 көп ұңғылы зымыран тасығыш, Польша, АҚШ және Франция шығарған 403 гаубица мен минометті де жарамсыз қылғандарын атап көрсетті.

Шойгу ресейлік әуе қорғаныс жүйелерінің сондай-ақ 176 «HIMARS» зымыраны, 27 «Storm Shadow» зымыраны және 483 пилотсыз әуе көлігін құлатқанын тілге тиек етті.

Шойгу АҚШ-тың Киевке кассеталық оқ-дәрі жеткізілуінің Украинадағы соғысты созатынын мәлімдеді.

АҚШ пен Украинаның да Кассеталық оқ-дәрілер жөніндегі конвенцияға қосылмағанын еске салған Шойгу «АҚШ Украинаға кассеталық оқ-дәрілерді жіберген жағдайда, Ресей Қарулы Күштері жауап ретінде Украина Қарулы Күштеріне қарсы ұқсас қару қолдануға мәжбүр болады. Айта кету керек, Ресейде барлық жағдайға арналған кассеталық оқ-дәрілер бар. Олар АҚШ-қа қарағанда тиімдірек және әртүрлі болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар