Талибаннан Швецияға наразылық

Талибан «Құранның өртелуіне рұқсат бергені үшін мұсылмандардан кешірім сұрағанға дейін тоқтатылды» деп мәлімдеді.

2009750
Талибаннан Швецияға наразылық

Талибанның уақытша үкіметі Құранды өртеуге рұқсат берген Швецияның Ауғанстандағы барлық әрекеттерін тоқтатқанын хабарлады.

Талибанның уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Швецияның Ауғанстандағы барлық әрекеттері Құранның өртелуіне рұқсат бергені үшін мұсылмандардан кешірім сұрағанға дейін тоқтатылды» деп мәлімдеді.

Құранның өртелуін «қасақана» деп сипаттаған Муджахид барлық ислам елдерінің Швециямен қарым-қатынастарын қайта қарауы керектігін айтты.

2021 жылдың 15 тамызында Талибан Ауғанстанда билікке келгеннен кейін көптеген шет елдер, соның ішінде Швеция Кабулдағы өкілдіктерін жапты, бірақ Швецияның кейбір көмек ұйымдары елдегі қызметін жалғастырды.

Швеция астанасы Стокгольмде 28 маусымда ирактық Салван Момика Стокгольм мешітінің алдында полицияның қорғауында Құран кітапты өртеп жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар