Ресей Украинаның баллистикалық зымыран шабуылының алдын алды

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 4 баллистикалық зымыранын жойғандарын атап көрсетті.

2009215
Ресей Украинаның баллистикалық зымыран шабуылының алдын алды

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның S-200 зымырандарымен Қырым, Ростов және Калуга аймақтарына шабуыл жасамақ болғанын хабарлады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Ресей Аэроғарыш қолбасшылығының Ресей Бас штаб басқармасы төрағасы Валерий Герасимовқа берген есебінде Украинаның 4 баллистикалық зымыранын жойғаны атап көрсетілді.

Украинаның кеше S-200 зымырандарымен Қырым, Ростов және Калуга облыстарындағы нысаналарды атқылауға әрекет жасағаны және Ресейдің әуе қорғаныс жүйесінің бұл шабуыл әрекетінің алдын алғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыран жүйелері 2 дана S-200 зымыранын, ал электронды соғыс жүйесі болса ұқсас тағы 2 зымыранды жойды. Адам шығыны немесе қирау тіркелмеді» делінді.

Мәлімдемеде Герасимовтың тез арада әуе шабуылдарына қарсы қорғанысты арттыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар