"Ұлыбританиядан СКТР-на тікелей рейс керек"

Депутат Смит өз жолдауында Солтүстік Кипр Түрік Республикасына тікелей рейстерді ашуға шақырды.

2008401
"Ұлыбританиядан СКТР-на тікелей рейс керек"

Ұлыбританиядағы билік басындағы ​​​​Консервативтік партияның депутаты Иайн Дункан Смит Ұлыбританиядан Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) тікелей рейстер ұйымдастыруға шақырды.

Смит бас қала Лондонда ұйымдастырылған 6-шы Кипр Түрік мәдениет фестивалі аясында Ұлыбританияда тұратын Кипр түрік қауымына бейне хабарлама жолдады.

Депутат Смит өз жолдауында Солтүстік Кипр Түрік Республикасына тікелей рейстерді ашуға шақырды.

Депутат Смит:

«Мен бұл өте қарапайым мәселені шеше алатынымызды білу үшін үкіметпен сөйлесуді жалғастырамын және осы істі істеуге тырысуымыз керек» деді.

Ұлыбритания СКТР-ын тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамағандықтан, бұл елден СКТР-на тікелей рейстер жоқ.

Ұлыбританияда тұратын кипрлік түріктер Түркия арқылы немесе Грекия бөлігі арқылы Солтүстік Кипр Түрік Республикасына ұша алады.

Кипр түріктері Ұлыбританиядан Солтүстік Кипр Түрік Республикасына тікелей рейстер үшін «СКТР-на тікелей рейстерге рұқсат етіңіз» атты компания бұған дейін де талай рет басталды.

Ұлыбритания Парламенті де науқандардың 10 мыңнан асқаны үшін жазбаша мәлімдеме жасап, Солтүстік Кипр Түрік Республикасына тікелей рейс ұйымдастыруды жоспарламағандарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар