"Мұсылмандарға қарсы агрессия - ақымақтық"

Лукашенко Стокгольмде ирактық Салван Момиканың Құранды өртеп жібергеніне тоқталды.

2008225
"Мұсылмандарға қарсы агрессия - ақымақтық"

Беларусь президенті Александр Лукашенко Швецияда Құран Кәрімді өртеу оқиғасы шеңберінде  мұсылмандарға деген агрессияны «ақымақтық» деп мәлімдеді.

Лукашенко ел астанасы Минскіде мәлімдеме жасап, Швецияның астанасы Стокгольмде ирактық Салван Момиканың Құранды өртеп жібергеніне тоқталды.

"Мұсылмандарға қарсы агрессия - ақымақтық. Мұны неге биліктің демеушілігімен жасау керек? Швеция үкіметі мұны тоқтата алмас па еді? Тоқтатар еді. Бірақ олар мұны заңды деп есептеді. Бұндай проблемалар туғызудың қажеті жоқ. Бұл азаматтық соғыс тудыруы мүмкін» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар