БҰҰ Бас хатшысы Джениндегі оқиғаларға алаңдайды

Гутерриш БҰҰ ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2008209
БҰҰ Бас хатшысы Джениндегі оқиғаларға алаңдайды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш басқыншылық астындағы Батыс Шерияда Дженин қаласындағы оқиғаларға қатты алаңдағанын білдірді.

«Мен бейбіт тұрғындарға бағытталған барлық зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттерді айыптаймын» деді ол.

Гутерриш АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Анадолы агенттігі» тілшісінің «Мәлімдемелеріңіздегі айыптауларыңыз Израильді нысанаға ала ма?» деген сұраққа жауап берген Гутерриш «Айыптауым төтенше зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін қамтиды және бұл жағдайда шектен тыс зорлық-зомбылық жасаған Израиль болды» деді.

Гутерриш Израильдің адам көп шоғырланған босқындар лагеріне жасаған шабуылдарының Батыс Шерияда соңғы жылдардағы ең ауыр зорлық-зомбылық болғанын айтып, бейбіт тұрғындарға әсерінің орасан зор екенін білдірді. Ауруханалардың, мектептердің, су және электр инфрақұрылымының зақымдалғанын атап өткен Гутерриш мұқтаж адамдардың медициналық көмекке жетуіне кедергі болғанын айтты.

Гутерриш “Мен Израильді тағы да халықаралық құқық және ұстамдылық аясында өз міндеттерін орындауға шақырамын. Израиль пропорционалды күш қолданып, адам өмірін қорғауы керек” деді.

Бас хатшы Гутерриш бейбіт тұрғындарға бағытталған барлық зорлық-зомбылық пен лаңкестік әрекеттерді айыптайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар