Мексикада автобус апатынан 25 кісі мерт болды

Апат салдарынан 25 адам қаза тапты, 17 адам жарақат алды, кейбірінің жағдайы ауыр.

2007759
Мексикада автобус апатынан 25 кісі мерт болды

Мексиканың Оаксака қаласында жолаушылар автобусының жарға құлауы салдарынан 25 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды.

Мексика баспасөзінде жарияланған хабарға қарағанда ел астанасы Мехикодан Оахакаға бара жатқан жолаушылар автобусы Пенаско қаласында тас жолда жартасқа құлаған.

Апат салдарынан 25 адам қаза тапты, 17 адам жарақат алды, кейбірінің жағдайы ауыр.

Өңірге көптеген жедел жәрдем және өрт сөндірушілер жіберіліп, зардап шеккендерге жақын маңдағы ауруханаларда көмек көрсетілді.

Оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу басталды.



Ұқсас жаңалықтар