Қытайдағы су тасқынында 15 кісі мерт болды

Қытай төрағасы Си Цзиньпин лауазымдыларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шығынды азайтуға басымдық беруді бұйырды.

2007557
Қытайдағы су тасқынында 15 кісі мерт болды

Қытайдың Чунцин қаласында толассыз жауған жаңбыр себеп болған су тасқынынан 15 адам қаза тауып, 4 адам жоғалып кетті.

Су тасқынынан қатты зардап шеккен Ванчжоу аймағына 2500-ден астам қызметкер жұмылдырылды.

Он мыңдаған адам үйлерінен эвакуацияланса, көлге айналған көшелерде қалып қойғандар қайықтар арқылы құтқарылды.

Су тасқынынан кейін лай басқан кейбір жерлерде тазалау жұмыстары басталды.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин лауазымдыларға тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шығынды азайтуға басымдық беруді бұйырды.

Ал Сычуань уәлаятында 460 мыңнан астам адам толассыз жауған жаңбырдан зардап шекті.

Уәлаят үкіметінің мәліметіне қарағанда осы уақытқа дейін 85 мыңнан астам адам үйлерінен эвакуацияланған.



Ұқсас жаңалықтар