Хак: «Барлық елдер иммигранттарды құрметтеуге тиіс»

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.

2006692
Хак: «Барлық елдер иммигранттарды құрметтеуге тиіс»

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Грекияның түрік аумақтық суларына ығыстырған 84 иммигрантпен байланысты «Барлық елдер иммигранттарды құрметтеуге тиіс» деп мәлімдеме жасады.

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак күнделікті баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты қойылған бір сұраққа жауап қайтарды.

«Грекияның мигранттарды түрік аумақтық суларына итермелеуі халықаралық құқықты бұзады ма?» деген сұраққа қайтарған жауабында Хак бұл мәселемен негізі Женева кеңсесінің шұғылданғанын айтты.

Хак «Барлық елдер иммигранттарды құрметтеуге тиіс. Иммигранттардың абыройы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету керекпіз» деді.

Чанаккаленің Айважык ауданы жағалауында грек күштері тарапынан түрік аумақтық суларына ығыстырылған 84 заңсыз иммигрант құтқарылып, құрлыққа жеткізілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар