Дмитрий Песков Қаратеңіз астық дәлізіне тоқталды

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

2006477
Дмитрий Песков Қаратеңіз астық дәлізіне тоқталды

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қаратеңіз астық дәлізі туралы келісімде Ресейге қатысты бөліктің орындалмағанын мәлімдеді.

Песков ел астанасы Мәскеуде өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.

Қаратеңіз астық дәлізі келісімі аясында Ресей Ауылшаруашылық банкін (Россельхозбанк) қамтыған Ресейдің барлық банктеріне қарсы "SWIFT" санкцияларының жойылу мүмкіндігін бағалаған Песков келісімнің Ресейге қатысты бөлігінің орындалмағанын мәлімдеді.

Песков:

"Әзірге бұл келісімнің бір бөлігі орындалмағанын көріп отырмыз. Келісімнің аяқталуына біраз уақыт бар. Алайда осы бөлігі орындалатыны жайлы үмітіміз өте аз" деді.

Вагнер жалдамалы жауынгер тобының өткен айда Ресей билігіне қарсы қарулы көтерілісіне сілтеме жасаған Песков:

"Ресейдегі Федералдық Қауіпсіздік басқармасы мен жеке қауіпсіздік күштерінің бұл көтерілісті тоса алмауына Кремль наразылық жасады ма?" деген сұраққа жауап берді.

Песков:

"Мен бұл туралы түсініктеме бермей-ақ қояйын. Ресейдің барлық мекемелері өз міндеттерін лайықты атқарып жатыр. Мемлекет басшысы осынау қиын-қыстау күндерде Қарулы Күштер мен арнайы жасақтардың топтастырылуының жоғары деңгейіне тоқталып, оларға ризашылығын білдірді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар