Құран өртеуге наразылық білдірді

Рим папасы «Al-Ittihad» газетіне сұхбат берді.

2006342
Құран өртеуге наразылық білдірді

Католиктердің рухани көсемі, Ватикан мемлекетінің басшысы Рим Папасы Франциск Швеция астанасы Стокгольмдегі мешіттің алдында қасиетті Құран өртеу оқиғасының оны «ашуландырғанын» айтты. Ол оқиғаны «жиіркенішті» деп сипаттады.

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) шығатын «Al-Ittihad» газетіне сұхбат берген Рим Папасы Франциск Швецияда Құранға қарсы арандатушылық оқиғасына баға берді.

«Мен ашуландым, мұндай әрекеттерді жек көремін» деген Рим Папасы «қасиетті деп саналатын кітаптарды, оған сенетіндерді құрметтеу керек» деді.

Рим Папасы Франциск "Сөз бостандығын ешқашан басқаларды кемсіту үшін пайдалануға болмайды. Бұған жол беруге болмайды, бұл айыпталатын әрекет" деді.

Міндеттерінің діни сезімді ынтымақтастыққа, бауырластыққа және нақты әрекеттерге айналдыру екенін айтқан Рим Папасы “Бүгін бізге қару жасаушылар емес, бітімгерлер қажет. Бізге қақтығысты қоздырушылар емес, бейбіт адамдар керек. Бізге қасақана өртегендер емес, өрт сөндірушілер керек” деді.

Маусымның 28-і күні Стокгольм мешітінің алдында полицияның қорғауында ирактық Салван Момика Құранды өртеп жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар