Торонто «ауасы ең ластанған қаланың» бірі атанды

Чикаго, Детройт және Индианаполис қатарлы көптеген қалалар АҚШ-тағы ауа сапасы ең нашар қалалар тізіміне кірді.

2005267
Торонто «ауасы ең ластанған қаланың» бірі атанды

Канадада жалғасып жатқан орман өрттеріне байланысты елдің ең үлкен қаласы Торонто «ауасы ең ластанған қалалардың» біріне айналды.

Орталығы Швейцарияда орналасқан ауа райының сапасын бақылаушы "IQAir"  мониторының мәліметтеріне қарағанда орман өртінен кейін аспанды торлаған түтіннің әсерінен Торонтодағы ауа райының сапасы да төмендеген.

Канаданың Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өрттен шыққан түтін Онтарио уәлаятының басқа аймақтарымен бірге Торонто және Гамильтон аймағына жеткенін, «ауа сапасының нашарлауына» себеп болғанын хабарлады.

Мәлімдемеде Онтарио уәлаятында, әсіресе Торонтода түтіннен туындаған зиянды ауаның біраз уақытқа созылатыны атап өтілді.

Орман өрттеріне байланысты ауа сапасының рейтингі күні бойы өзгерген Торонто әлі де ауа сапасы ең нашар 5-ші қала болып табылады.

Сонымен бірге түтін Америка Құрама Штаттарының көп бөлігін қайтадан торлады. Түтін мен сапасыз ауаға байланысты аймақтағы тұрғындарға қажет болмаған жағдайда көшеге шықпау және үйде отыру ескертілді.

Чикаго, Детройт және Индианаполис қатарлы көптеген қалалар АҚШ-тағы ауа сапасы ең нашар қалалар тізіміне кірді.

Канаданың Ұйымдар арасындағы Орман өртін сөндіру орталығының мәліметіне қарағанда сәрсенбі күні таңертең ел көлемінде 487 жерде өрт шыққан.



Ұқсас жаңалықтар