Құран Кәрімді өртеу әрекетіне наразылық жалғасуда

Құран-Кәрімді  өртеу оқиғасына барша әлем наразылық көрсетуде.

2005419
Құран Кәрімді өртеу әрекетіне наразылық жалғасуда

Швеция астанасы Стокгольмдегі мешіттің алдында Құран Кәрім өртенген еді. Құран-Кәрімді  өртеу оқиғасына барша әлем наразылық көрсетуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсы Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос жазбаша мәлімдеме жасап, Стокгольмдегі бір мешіт алдында Құран Кәрімнің өртелуін қатаң айыптады.

Моратинос жоғарыда аталған жексұрын әрекеттің Құрбан айт мерекесін тойлап жатқан мұсылмандарға құрметсіздік екенін атап өтті.

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы да келесі аптада Сауд Арабиясының Жидда қаласында өтетін кезектен тыс жиында бас қосып, оқиғаны талқылайды.

Иран Құран Кәрімді өртеуге рұқсат бергені үшін  Швецияның Тегарандағы уақытша сенімді өкілін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Ирак астанасы Бағдадта Құран Кәрімнің өртелуіне наразылық білдірген  шеруші тобы  Швеция елшілігіне басып кірді.



Ұқсас жаңалықтар