Францияда басталған ереуілдер Бельгияға дейін тарады
Францияда 27 маусымда полиция оғынан 17 жасар Наэль М қайтыс болғаннан кейін ұйымдастырылған шерулерді қолдау мақсатымен әлеуметтік желіде шақыру тастады.
Францияда жас жүргізуші полицияның оқ жаудыруы салдарынан қайтыс болғаннан кейін басталған оқиғалар Бельгияға дейін тарады.
Ұлттық баспасөздің хабарлауына қарағанда бір топ жас әлеуметтік желі арқылы Францияда 27 маусымда полиция оғынан 17 жасар Наэль М қайтыс болғаннан кейін ұйымдастырылған шерулерді қолдау мақсатымен әлеуметтік желіде шақыру тастады.
Осыдан кейін ел астанасы Брюссельдің орталық аудандарының бірі Аннессенске жиналған ереуілшілер жол жағасындағы тастарды лақтырып, автобус аялдамаларының әйнектерін сындырып, кейбір көліктерді өртеп жіберді.
Аннессенс метро станциясы жабылды, аумаққа көліктердің кіруіне тыйым салынды.
Полиция мен шерушілер арасында шыққан қақтығыста ұсталған 64 адамның 48-інің кәмелеттік жасқа толмаған балалар екеніанықталғаны хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
Мексикада аптап ыстықтан 138 ұлыған маймыл өлді
“Usumacinta” атты биоәртүрлілікті сақтау ұйымы мәлімдеме жасады.